• Оставьте отзыв
  • Пассажиру
    • Такси
    • Пассажирские перевозки
    • Грузовые перевозки
  • Автомобилисту
    • Эвакуаторы
  • Калькулятор заказа
    • Такси
    • Пассажирские перевозки
    • Грузовые перевозки
    • Эвакуаторы
  • Заказать онлайн
    • Такси
    • Пассажирские перевозки
    • Грузовые перевозки
    • Эвакуаторы
  • Бизнесу
Вход на сайт для компаний и рекламодателей

Астанадағы эвакуатор қызметі

Қысы қаһарлы Астанада кейде көліктері жолда қалып қоятын, немесе таңертең оталмай қалатын көп жүргізушіге эвакуаторсыз қызметінсін болмайды! Әрине, кішігірім проблема болса, оларды жол үстінде-ақ шешуге болады, оның үстіне жүргізушілер арасындағы өзара ынтымақтастық деген бар, жол-жөнекей кетіп бара жатқан кез-келген көлік жүргізушісі тоқтап, көмек қолын созады.

Дегенмен, көліктің тілін қанша жақсы білсе де, қарапайым жүргізушінің қолынан келе бермейтін проблемалар бар. Мысалы, көлік жол шетіндегі арыққа түсіп кетсе, немесе аударылып қалса, көлікті сүйреп шығаратын, жөндеу орындарына тасып жеткізетін арнайы көлік құралы керек. Осындай жағдайларда қалтаңызда Астана эвакуаторлары қызметтерінің телефондары болғаны жақсы.

Астанада эвакуатор шақыру

“Мен көлікті абайлап, ақырын айдаймын, көлігімнің техникалық жағдайы тамаша” дегенді алға тартып, апатты жағдайларда керек болып қалатын қызметтердің телефон нөмірлерін әдейі сақтамайтын жүргізушілер бар. Бұл дұрыс емес, себебі жолда неше түрлі күтпеген жағдайлар орын алуы ықтимал. Неше жерден тәжірибелі жүргізуші болса да, тығырыққа тірелер сәт болмай қоймайды. Осындай кезде эвакуатор қызметтерінің телефондарын іздеуге мәжбүр болып жатады.

Керек болып қалар деп эвакуатор қызметін ұсынатын фирмалардың телефондарын алдын-ала біліп жүретін, керек десеңіз жазып алатын тағы бір жүргізушілер бар. Бірақ та, өкінішке орай, дәл керек кезде хабарласқан кезде, диспетчерлер арнайы техниканың бос еместігін, көмек сұраған жүргізушілердің тым көп екендігін алға тартып жатады.

Осындай кезде жүргізушілерге интернет көмекке келеді. Егер “Барлық таксилер” сайтына кірсеңіз, Астанада техникалық қызметтер көрсетуге арнайы техникалар жіберетін барлық фирманың толық тізімін табасыз. Сайтта тек байланыс нөмірлері ғана емес, Астанадан басқа да қай қалаларда эвакуатор қызметі ұсынылатыны туралы мәліметтер жүйеленген.

Эвакуатор түрлері:

  • кран-манипулятор;
  • жылжымалы платформасы бар;
  • бүгілетін платформасы бар;
  • сүйретпе платформасы бар.

Егер Астанада эвакуатор керек болып қалса, ең алдымен диспетчер қызметіне қоңырау шалу керек. Және диспетчер тарапынан қойылған барлық сауалға сабырлы, салмақты жауап беру керек. Сауалдар жайдан-жай қойылмайды, себебі диспетчер сіздің жауаптарыңызға қарап оқиға орнына жіберетін эвакуатор түрін анықтайды.

Атап айтқанда, егер жүк көлігі апатқа ұшыраса, онда арзан эвакуатормен мәселе шешілмейді. Ондай кезде диспетчер оқиға орнына айрықша техникалық жарақталған эвакуатор, көбіне эвакуатор-манипулятор жібереді. Себебі ол лебедка және телескопиялық қапсырма сияқты қосымша құралдармен жарақталған. Егер жеңіл көлік апатқа ұшыраса, бүгілетін платформасы бар эвакуатор шақыру жеткілікті, Астанада ондай қызметтердің бағасы басқа эвакуатор қызметтеріне қарағандан арзан.

Эвакуатор қызметтерінің бағасына әсер ететін факторлар

Алдағы автокөлік жөндеу жұмыстарына байланысты қаржылай шығыстарын ескеруге мәжбүр болатын жүргізушілер арзан эвакуатор шақырғысы келеді. Өкінішке орай, Астанада техникалық қызмет көрсету стансалары арзан эвакуатор қызметтерін жаппай тұтына алмайды. Кейде бір эвакуатор қызметінің бағасы әртүрлі болып жатады.

Астанадағы эвакуатор қызметтерінің бағасына әсер ететін түрлі факторлармен алдын-ала танысып алған жөн, сонда керек болған кезде керек эвакуаторды тиімді бағамен шақыру оңай. Эвакуатор жайсыз ауа райы кезінде шақыртылса, оның бағасы өседі. Және зардап шеккен көлікті кранмен көтеру керек болса баға тағы өседі. Және баратын жерге дейінгі жол қашықтығы мен жұмсалған жанар-жағармай мөлшері бе бағаға әсер ететінін ұмытпау керек.

Присылайте нам свои новости и статьи — с радостью их опубликуем Предложить материал