Астанағы такси

Егер жолыңыз түсіп, Астанаға бара қалсаңыз, мол әсер алатыныңыз анық, себебі қаланың көрсең көз тоймайтын сәулетін тамашалағанда жай қарап отыра алмайсыз! Қаланы жақсы біле бермейтін қонақтарға осынау үлкен қаланы аралау қиындық туғызатыны тағы бар. Міне сол себепті Астанада арзан такси қызметін пайдалану қажеттілігі туындайды.

Кейде арзан такси іздеуге көп уақыт кетіп қалады, және тапқанның өзінде көліктің жағдайы сіздің көңіліңізден шыға да, шықпай па, ол да екіталай. Таныстарыңыздың, әріптестеріңіздің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, кейбір такси компанияларының тарифтерін де шамалай алатын щығарсыз. Дегенмен, осы мәселе бойынша дұрыс және тиімді шешім қабылдау үшін Астанадағы барлық такси компаниялары мен олардың диспетчер қызметтерінің телефондары қоса берілген толымды мәлімет керек. Ал ол үшін “Барлық таксилер” сайтындағы жүйеленген мәліметтерді пайдалансаңыз жетіп жатыр.

Астанада таксиді қалай таңдау керек

Такси/эвакуаторлар сайтындағы барлық ұсыныстарды қарап шықсаңыз, ең тиімді деген бағамен өзіңізге қажет автотасымалдаушыны таба аласыз. Біргей сервис қызметі қаладағы клиент тасымалдаумен айналысатын барлық такси компанияларының қолданыстағы тарифтеріне қатысты мағлұмат ұсынады. Қала сыртына шығу керек болса, сапар бағасын алдын-ала біліп алуға болады, әйтпесе, баратын жеріңізге жеткен соң тым қымбат сома айтылса, қынжылып қалуыңыз әбден мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, сайт бетінде Астана такси қызметтерінен алған әсерлері туралы клиенттердің пікірлері берілген. Ол пікірлерді такси қызметтерін пайдаланып көрген, олардың тарифтеріне және көрсеткен қызметтеріне, керек десеңіз жүргізушінің мінезіне де қатысты өз пікірлерін білдірген сіз бен біз сияқты қарапайым жолаушылар қалдырып отыр. Сайтта сонымен қатар, барлық диспетчер қызметтерінің телефондары көрсетілгендіктен, Астана бойынша такси шақырту өте оңай.

Қосымша қызметтер:

  • әуежайда, теміржол вокзалында, автовокзалдарда жолаушыларды күтіп алу, шығарып салу;
  • тапсырыс берушінің үйіне сауда орындарынан тауар жеткізу;
  • көлік құралдарына жанар-жағармай жеткізу;
  • әйел жүргізушіге немесе ағылшын тілін білетін жүргізушіге тапсырыс қабылдау;
  • Қала бойынша экскурсия ұйымдастыру;
  • Мерекелік және іскерлік шараларда қызмет көрсету;
  • Жеке такси қызметі;
  • Бір күн бойы қызмет көрсететін арзан таксиге тапсырыс ресімдеу;
  • Тәулік бойы қызмет көрсететін такси қызметі;
  • Курьерлік жеткізу;
  • Темекі шегетін жолаушыларды алдын-ала келісім бойынша тасымалдау қызметі;
  • Мас адамның орнына көлікті айдап жеткізетін “Сау жүргізуші” қызметі;
  • Жас отбасылардың атасында кең танымал “Бала тасымалдау” (Авто-няня) қызметі.

Осындай қызмет түрлерін Астананың барлық дерлік такси компаниялары көрсетеді. Жолаушының арнайы сұранысы бойынша қосымша қызметтер көрсететін аса жайлы жабдықталған такси қызметтері де баршылық. Көп клиент тарапынан сұранысқа ие арзан бағалы такси қызметтері де бар.

Компаниялар мен мекемелер корпоративтік сапарлар ұйымдастыратын такси компанияларымен жұмыс істеуге ықыласты болса, такси қызметін жиі пайдаланатын клиенттер бонустық бағдарлама ұсынатын қызметтердің телефондарын іздейді.

Тарифтер

Астана такси қызметтерінің телефон нөмірін термес бұрын, ол фирманың қандай тариф ұсынатынын біліп алғаныңыз жөн. Эконом-тарифті таңдап та, сапалы қызмет тұтынуға болады.

Бірақ та қымбат және жайлы көлікпен тасу қызметін ұсынатын компанияларды іздейтін клиенттер де бар. Және бағасы эконом-тарифтен әлдеқайда жоғары мұндай қызмет барлық үлкен қалада ұсынылады.

Қызмет ақысын төлеу

Егер Астанада такси шақыртқыңыз келсе, сайттан барлық диспетчер қызметінің телефондарын таба аласыздар. Көрсетілген нөмірге қоңырау шалған кезде, диспетчерден қызмет ақысын қалай төлеуге болатынын да сұрап алуыңызға болады.

Әрине, қолма-қол ақшамен есептесуге де болады. Және оған қоса, көптеген такси қызметтері қауіпсіз онлайн-төлем жасауға кепілдік беретін арнайы опциялар ұсынады.

Есть замечания или дополнения? Пишите нам в комментариях. Присылайте нам свои новости и статьи - с радостью их опубликуем:

Предложить свою статью или новость
Сегодня нас посетили
Яндекс.Метрика
Поделиться с друзьями

Сделано в Студии Бублиенко