Алматыдағы такси

Басқа қалаға жұмыс бабымен немесе басқа да жағдайлармен барып қалсаңыз, бөтен қалада жүріп-тұруыңыз қиындау болатыны анық. Жол білмегендіктен уақытыңыз да көп кетеді. Ал барған жеріңіз жай қала емес, Алматы сияқты үлкен қала болса, такси қызметі сізге өте керек. Қалаға келе салып, такси шақыртсаңыз, жолды бес саусағындай жақсы білетін жүргізуші сіз қалаған жеріңізге жедел жеткізеді.

Алматыда такси шақыру

Қазіргідей техника дамыған жағдайда, көптеген тұрмыстық мәселелерді шешу оңай. Алматыда такси шақырудың жолдары көп. Мобильді немесе қалалық телефон болса, және телефондары көрсетілген такси қызметтерінің тізімі болса, таксиді дәстүрлі жолмен шақыра аласыз. Диспетчерлер сізге аз уақыттың ішінде сапалы қызмет көрсетеді.

Алматыда сондай-ақ инновациялық технологиялардың да көмегімен такси шақыра аласыз. Көптеген такси қызметінің өз сайттары бар және онда көлікті тез шақыруға болатын опциялар орнатылған. Қазіргі заманауи гаджеттерде интернетке қосылу функциялары қарастырылған, сондықтан клиент қала сыртында жүріп те сайт опцияларының көмегімен такси шақыра алады.

Және кейбір такси компаниялары клиенттерге көлікке мінетін жері мен баратын жерінің мекен-жайы көрсетілген смс-хабарлама арқылы тез такси шақыруға мүмкіндік беретін арнайы жасақтамалар да енгізуде.

Алматыда такси шақырудың тағы бір жолы - “Барлық таксилер” сайтының қызметін пайдалану. Алматыдағы барлық такси компаниялары, олардың байланыс телефондары, тағы да басқа мәліметтер осы сайтта көрсетілген. Оған қоса, сайтта Алматыдағы такси қызметтерінің рейтингімен, клиенттердің пікірлерімен таныса аласыздар.

Қосымша қызметтер:

  • қалааралық жол жүру;
  • Әуежайда, теміржолда жолаушыларды күтіп алу мен шығарып салуды ұйымдастыру,
  • тәуліктің кез-келген мезгілінде және қажет болған жағдайда күні бойы клиентті тасу;
  • әйел жүргізуші басқаратын көлік шақыру;
  • Тауар, құжат, сыйлық, т.б. заттарды курьермен жеткізу;
  • ағылшын тілін жақсы білетін жүргізушіге тапсырыс беру;
  • корпоративтік сапарлар үшін көлік шақыру;
  • Үлкенді-кішілі іс-шараларда қызмет көрсету;
  • Мас клиенттерге қызмет көрсететін “ Сау жүргізуші” қызметі.

Әрине, такси компаниялары қымбат емес бағамен ұсынатын қызмет түрлері мұнымен шектелмейді. Егер кішкентай баламен жол жүру керек болса, клиент балаларға арналған автоорындыққа тапсырыс бере алады. Такси компаниялары тек адам тасып қана қоймайды, үй жануарларын да тасиды. Және Алматы бойынша орташа габаритті жүктерді тасымалдау үшін де такси шақыра аласыз.

Салон ішінде кондицонері бар және бағасы да арзан емес такси көлігіне тапсырыс беретін клиенттер де баршылық. Олар өз тілектерін диспетчерге хабарлай алады. Диспетчер өз кезегінде жолаушыны баратын жеріне жайлы жеткізетін көлікті жіберуге бар күшін салады.

Тарифтер және төлем жасау жолдары

Ең арзан таксиді шақыруға тырысатын клиенттер бар. Олар біздің сайтта таныстырылып отырған такси қызметтерінің дені ұсынатын экономи-тарифпен танысқандары жөн. Эконом-тарифті көбіне студенттер және таксимен көп жүретін, нәтижесінде көп қаржы жұмсайтын клиенттер тұтынады.

Және төлемақысы белгіленген тариф қызметі де көп клиенттің сұранысына ие. Бұл тарифті тұтынатын клиенттер такси жолдағы кептелістерде көп тұрып қалған кезде, әсіресе бағдар қала орталығы арқылы өтетін болса, төлемақы уақытқа қарай өседі деп уайымдамайды.

Жол ақысын барар жеріңізге жеткен соң жүргізушіге қолма-қол төлей аласыздар. Ал қолда нақты ақша болмаса банк картасының көмегімен немесе мамандандырылған сайттардағы арнайы опциялардың көмегімен ақша аударуға болады.

Есть замечания или дополнения? Пишите нам в комментариях. Присылайте нам свои новости и статьи - с радостью их опубликуем:

Предложить свою статью или новость
Сегодня нас посетили
Яндекс.Метрика
Поделиться с друзьями

Сделано в Студии Бублиенко